Главная » Статьи » Ә. Н. Бөкейхан. Таңдамалы

Халық ауыз әдебиеті үлгілері

Ер Тарғын — 1923 жылы Маскеу қаласында КСРО Халықтарының Орталық (Кіндік) баспасынан жарық көрген. «Ер Тарғынның» Марабай ақын жырлаған үлгісін жазып алған, қара сөзбен жазылған бөлімдерін қысқартып, «өлеңдетіп» (Ә. Бөкейханның өз сөзі), түсініктерін жазып баспаға берген «Қыр баласы».

Қозы Көрпеш — Баян — 1924 жылы КСРО Халықтарының Кіндік баспасынан жарыққа шыққан. В. В. Радловтан көшіріп алып, өңдеп, түсініктерін жазып баспаға дайындаған «Қыр ба­ласы».

 Рецензия – аннотациялар

Кітап сыны (Ж. Аймауытұлы. Қартқожа. роман) — V. Еңбекші қазақ, 04.11.1926 жьл. Қызыл-Орда.

Кітап сыны (Ж. Аймауытұлы. Психология)— ?

Всеволод Иванов — Қыр баласы, «Жаңа мектеп», 1927 жыл, №3—4, 116 бет.

И. Ағұл. Адам мен мақұлықтың тегі (ауд. Ыбыраш) – Қыр баласы, «Жаңа мектеп» 1926 жыл, № 5/20/, 125-126 беттер.

С. Е. Незлин. Құрт ауруы - Қыр баласы, «Жаңа мектеп», 1927 жыл, № 3-4, 115 бет. Мәскеу.

 Аудармалар

Сурат кафеханасы — Л. Н. Толстойдың, «Суратская кофейня» атты әңгімесінен аударма. Әңгіме алғашқы рет «Киргизская Степная газетасында» орысша түпнұсқасы және «Дала уалаятында» аудармасы жарияланды. Келесі жолы «Дін таласы» деген тақырыппен 1913 жылы «Қазақтың» 1, 3, 4 сандарында қайта басылды. Әңгімені тәржімелеп газетке ұсынған «Қыр баласы».

Жұмыртқадай бидай — Л. Н. Толстойдың «Зерно и яйцо» атты әңгімесінен аударған «Қыр баласы». Алғашқы рет «Қазақ» бетінде 1915 жылы 139 санында жарияланды. Кейін 1925 жылы КСРО Халықтарының Орталық баспасынан (Мәскеу) «Кавказ тұтқыны. Жеті қарақшы» (Л. Н. Толстой) атты әңгімелерінің аудармасымен бірге жеке кітап болып жарық көрді. Аударманың жинаққа «Қазақ» бетіндігі нұсқасы енгізілді.

Хамелеон —   А. П.   Чеховтың   осылай   аталатын әңгімесін қазақшалап «Қазақ» газетінде жариялаған «Қыр баласы» — «Қазақ», 1915 жыл, № 140.

Симонның әкесі — Француз жазушысы Ги де Мопассанның әңгімесі. «Отец Симона» атты орысша нұсқасынан қазақшаға аударған «Қыр баласы». Тұңғыш рет «Жаңа мектеп» жураналының 1926 жылғы 6 нөмірінде (57—64 беттер) жарияланды.

Жарасын алдырған ана — Бұ да Ги де Мопассанның әңгімесі. Қазақшалаған «Қыр баласы». 1926 жылы «Жаңа мектептің» 4 санында басылды.

Қара ханым — Д. М. Мамин-Сибиряктың «Дама в черном» атты әңгімесі. Қазақшаға аударып, 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналының біріктірілген 7—8 сандарына жариялаған «Қыр баласы».

От — В. Г. Короленконың әңгімесі. Тұңғыш рет «Қазақ» бетінде жарияланды (1915 жыл, № 141). Келесі жолы «Түндегі от» деген атаумен 1927 жылы басқа аудармалармен бірге КСРО Халықтарының Кіндік баспасынан жеке кітап болып басылған. Қазақшалап ұсынған «Қыр баласы».

Пайғамбарға хат — Н. Маркестің «Ескі Қырым сөздері» деп аталатын әңгімелер жинағынан аударылған. Алғаш рет «Қазақ» газетінде жарияланды (1915 жыл, № 98). Кейін «Темірқазық» журналының 1923 жылғы біріктірілген 2—3 сандарында берілді. Тәржімелеген «Қыр баласы».

Ешкі тау — Н. Маркестің «Ескі Кырым сөздерінен» тәржімелеген «Қыр баласы».— Қазақ, 1915 жыл, № 134.

Құрбан қия — «Ескі Қырым сөздерінен». Тәржімелеп «Қазақтың» 1915 жылғы 138 санында жариялаған «Қыр баласы».

Сұлтан Сәли  — «Ескі Қырым сөздері» жинағынан. Аударған «Қыр баласы». 1915 жылы «Қазақ» газетінің 136 нөмірінде жарияланған.

Азамат Юсуф — Н. Маркес. Ескі Қырым сөздері. Қазақшалаған Кыр баласы. — Қазақ, 1915 жыл, № 133.

Герейдің ажалы — Н. Маркес. Ескі Қырым сөздері. Қазақшалаған Қыр баласы. Алғаш рет «Герейдің жойылуы» деген атпен «Қазақтың» 1915 жылғы 135 санында жарияланды. Кейін «Темірқазықтың» 1923 жылғы № 1 қайта жарияланды.                     

 Хаттар, естеліктер

Бауырым Ахмет! — Ә. Бөкейханның А. Байтұрсынұлына Мәскеуден жолдаған хаты. Өкінішке орай, хаттың түпнұсқасы емес, орысша аударылған нұсқасы Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік коми­теті архивінен табылды. Хатты тауып, қазақшаға ықшамдап аударған Дихан Қамзабекұлы.

Бауырым Дінше! — бұл Әлиханның Дінше Әділұлына жолдаған хатының түпнұсқасы. Бұ да Қазақ КСР МҚК мұражайынан табылды. Жинаққа ұсынған Д. Қамзабекұы.

Қадірлі Әли! — А. Байтұрсынұлының Әлиханға жазған хаты. Қазақ КСР МҚК архивінен тауып, ықшамдап қазақшаға аударып жинаққа ұсынған Д. Қамзабекұлы. Бұл да хаттың түпнұсқасы емес.

Шырақ Мадиярым! — Ә. Н. Бөкейханның М.Дулатұлына жолдаған хаты. Хатты Міржақыпқызы Гүлнәр ханым ұсынды.

Выборы в Степном крае — Әлекеңнің 1-інші Мемлекеттік Думаға қалай сайланғандығы туралы естеліктері. Ресейдің 1-Мемлекеттік Думасының 10-жылдығына арналған «К 10-летию Первой Гос. Думы» атты естеліктер жинағында 1916 жылы С. Петербордың «Огни» баспасынан жарияланған.

Қадірлі аға Ғали хан! — Асфандияр Кенжиннің 1917 жьлдың 24 сәуірінде жолдаған хаты. Хаттың түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінде сақталған — 17 кор, 1-тізбек, 22 іс, 21 парақ.

Ресей императорының 1916 жылғы 25 июнь жарлығы байынша, Еуропа соғысына «ін, окоп қазу жұмыстарына» қазақ азаматтары да шақырылғандығы мәлім. Қазақ жастарын «қазағым қайдасың» деп артынан алғаш іздеп барған Әлихан Бөкейхан болатын-ды. Земгорсоюздың қол астында қызмет етіп жүрген қазақ азаматтарының қонысын қомдап, тұрмысын оңдау мақсатымен Әлихан Күнбатыс майданына қараған Минскілік Земский комитеттің «бұратана бөлімін» ашады да, өзі оның меңгерушісі қызметін атқарады. Бірақ көп ұзамай ол Уақытша үкіметтің Әділет министрі А.Ф. Керенскийдің шұғыл телеграмын алады. Артынша А. Байтұрсынұлына телеграм арқылы «менің орныма жөні түзу адам іздестір» деп тапсырады да, өзі Санкт-Петерборға асығыс жүріп кетеді. Ал А.Ф. Керенскийдің телеграмында Ә. Н. Бөкейхан Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары етіп тағайындалғаны хабарланған-ды. Күнбатыс майданына Әлиханның орнына, «бұратана бөлімінің меңгерушісі» орнына Ахмет А. Кенжинді жібереді...

Категория: Ә. Н. Бөкейхан. Таңдамалы | Добавил: Formula (21.04.2016)
Просмотров: 922 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar