Главная » Статьи » Ә. Н. Бөкейхан. Таңдамалы |
Абай (Ибрагим) Кунанбаев — мүнәһиб-мақала алдымен Семейдің «Семипалатинский листок» газетінде 1905 жылы 25, 26 , 27 қараша күнгі 250—252 сандарында жарияланады. Келесі жылы Семейлік «Семипалатинские областные ведомости» газетінде (1906 жыл, №?) қайта басылады. Соңғы нұсқасы 1907 жылы «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела И.Р.Г.О.» атты кітабында жарияланады. Мақаланың қазақ тіліндегі аудармасы (Аударған Тұрсын Жұртбаев) «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында басылды. Соңғы рет 1993 жылы қайта жанғырып шыққан «Абай» журналының №2 жарияланды. Қара қыпшак Қобыланды — «Қазақ» газеті (Орынбор) бетінде 1915 жылы 126—129 сандарында «Қыр баласы» деген бүркеншек атпен жарияланған. Кейін 1992 жылы «Ана тілінде» қайта басылды (дайындаған С.Аққұлыұлы). Сын мақалада Махмұд-Сұлтан Тұяқбаевтың дайындауымен 1914 жылы Қазанда жарық көрген «Қара қыпшақ Қобыланды» эпосы қарастырылады. Женщина по киргизской былине «Кобланды» — Түркістан генерал-губернаторлығы жанынан шығып тұрған «Туркестанские ведомости» (қазақшасы «Туркістан уалаяты» деп аталған) газетінің 1899 жылы 9, 20 мамыр және 3 маусым күндеріндегі сандарынан жарық көрген. Мақала «Туземец» деген жасырын есіммен жарияланған. Мақалада «Қобыланды» жырының басқа нұсқасы қаралады. Батыр Бекет — Әбубәкір Диваевтың жинап 1922 жылы Ташкент қаласында бастырған «Батыр Бекет» кітабына рецензия. Мақала «Қыр баласы» деген жасырын есіммен Мәскеуде үш нөмірі шығып жабылып қалған «Темірқазық» журналының (шығарушысы Нәзір Төреқұлұлы) № 1 жарияланған (1923 жыл). Мырза Едіге — Бұ да «Темірқазықтың» 1 санында «Қыр баласы» деп берілген. 1922 жылы Ташкент қаласында жарық көрген Әбүбәкір Диваевтың «Мырза Едіге» атты жырына жазылған рецензия. Роман деген не? — «Қазақ» газетінде 1914 жылы 48 нөмірінде «Арыс ұлы» деген бүркеншек атпен жарияланған. Сыни мақалада Міржақып Дулатұлы жазған қазақтың түңғыш романы «Бақытсыз Жамал» қаралады. Ән, өлең һәм оның құралы — «Қазақ», 1914 жыл, 67 сан. Мақаланы жариялаған «Арыс ұлы». Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі — «Қазақ», 1913 жыл, №12. Сыни мақалада Шәкерім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі» атты ғылыми еңбегі қаралады. О киргизских поминках — Ғасыр басында Омбы қаласында шығып тұрған «Киргизская Степная газетасының» 1900 жылғы 20 ақпан күнгі 7 нөмірінде жарияланған. Мақала «Туркестанские ведомости» газетінен алынып басылған Нұржанұлы деген автордың мақаласына жауап ретінде жазылып, өз есімімен қол қойған. Аңқау елге — арамза молла — Бұ да «Киргизская Степная...» газетіне қосымша есебінде 1888—1902 жылдар аралығында шығып тұрған «Дала уалаяты» атты тұңғыш қазақ газетінің 1900 жылғы 20 және 27 ақпан күндеріндегі 7—8 сандарында жарияланған. Мақалаға «Әлихан Бөкейхан» деп қол қойылған. | |
Просмотров: 1718 | |
Всего комментариев: 0 | |