Главная » Статьи » Ә. Н. Бөкейхан. Таңдамалы |
Би һәм билік — «Қазақ» газетінің (Орынбор — 1913—1917 ж. Троицк — 1918 ж.) 1917 жылы 48 және жалғасы «Тағы да би һәм билік»— деген тақырыппен 50 санында жарияланды. Мақалаға «Қыр баласы» деп қол қойылған. Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова — Ресейдің императорлық жағрафия қоғамының Батыс Сібір бөліміне қараған Семей бөлімшесінен шығып тұрған «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела И.Р.Г.О.» атты басылымының 1903 жылғы 1-кітапшасында (1-выпуск) және екінші рет 1905 жылғы 11-кітабында жарияланған. Бірінші кітап Семей облысы басқармасының баспасынан, екіншісі — П. Плещеев дегеннің жеке баспаханасынан жарық көрген. Еңбек кейінгі уақытта қайтып жарияланбаған. Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков - «Семипалатинские областные ведомости »(Семей) газетінің 1900 жылы 3, 10, 17 және 24 маусым күнгі 22, 23, 24 және 25 сандарында басылған. Келесі жылы Семей облыстық статистика комитетінің органы — «Памятная книжка Семипалатинской области на 1901 год» атты естелік кітабының 5-басылымында (5-выпуск) қайта жарияланған. Из (писем) переписки киргизских ханов, султанов и пр. пр. — «Памятная книжка Семипалатинской области на 1902 год» кітабының ҮІ-басылымында жарияланған (55—70 беттер). Ә. Бөкейхан деп қол қойылған. Кітап Семей облысы басқармасының баспасында басылған. Русские поселения в глубине Степного края — Санкт-Петербургтік «Сибирские вопросы» журналының 1908 жылғы 33—34 (29—45 беттер), 35—36 (9—26 беттер) және 37—38(48—65 б.) сандарында жарияланған. Зерттеу «V»— деген бүркеніш есіммен берілген. Еңбекті Ә. Н. Бөкейхан 1908 жылдың қаңтар-наурыз айларында Семей түрмесінде отырған кезінде жазған. Переселенцы в тарских урманах —«Сибирские вопросы» журналында 1908 жылы 11 (1—9 беттер) және 12(7—12 беттер) сандарында «V»— деген жасырын атпен жарияланған. Бұ да түрмедегі кезінде жазылған. Переселенческие наделы в Акмолинской области — «Сибирские вопросы», 1908 жыл, №27—28, 4—21 беттер. Зерттеу «V»— деген бүркеншек атпен жарияланған. Киргизы на совещании генерал-губернатора — Бұ да «Сибирские вопросы» (СПБ) журналында 1908 жылы 21—22 нөмірлерінде, 42—60 беттерінде «V»— деп берілген. Серуен жасап зерттеу әдісі — Мақала «Жаңа мектеп» журналында 1926 жылғы 9—10 сандарының 5—9 беттерінде «Қыр баласы» деген бүркеншек атымен берілген. Мұғалімдерге хат: пыланеттер — Қыр баласы,— Жаңа мектеп, 1926 жыл, №14—15,22—24 беттер. Луи Пастер— Мәскеуде КСРО Халықтарының Орталық баспасынан 1923 жылы үш нөмірі шығып жабылып қалған «Темірқазық»(шығарушы Нәзір Төреқұлұлы) журналының біріктіріліп шыққан 2—3 сандарында «Қыр баласы»— деген жасырын атпен жарияланған (74 бет). Хахас — Қыр баласы. — Темірқазық, 1923 жыл, №2—3, 119 б. | |
Просмотров: 1533 | |
Всего комментариев: 0 | |