Главная » Статьи » Ә. Н. Бөкейхан. Таңдамалы |
Екі жол — «Қазақ» газетінің (Орынбор) 1915 жылы 100 санында жарияланған. Мақаланың соңына «Ғали хан » деп қол қойылған. 30-ыншы януар — Бұ да «Қазақтын» 100 санында «Қыр баласы» деген бүркеншек есіммен жарияланған. Ашық хат — «Қазақта» 1914 жылы 48 және 49 нөмірлерінде жарияланған. Әлихан Бөкейхан деп қол қойған. Земски қазақ ақшасы — «Қазақта» 1915 жылы 119 санында «Қыр баласы» деген есіммен жарияланған. Қазақ әскерге алыну мәселесі — «Қазақтың» 1916 жылы 178 нөмірінде жарияланған. «Қыр баласы» деп қол қойған. Кризис канцелярского переселения — «Сибирские вопросы» журналында (СПБ) 1910 жылы 1 қыркүйек күнгі 31—32 біріктірілген нөмірлерінде жарияланған, 23—25 беттер. Мақаланың астына «Статистик» деп қол қойылған. Ничьи деньги — «Сибирские вопросы»(СПБ), 1908 жыл, №47—48, 6—8 беттер. Мақалаға «V»— деп қол қойған. Бюрократическая утопия — Бұ да «Сибирские вопросы» журналының 1908 жылғы № 17—18 7—14 беттерінде «V»-деген бүркеніш есіммен берілген. Мұсылман сиезі — 1914 жылы Санкт-Петербургте өткен Ресейдің мұсылман халықтары съезінің жұмыс барысы жайында жазылған есеп, «Қазақтың» сол жылғы 69, 70, 72, 85—90 және 92 нөмірлерінде жарияланған. Мақаланың соңына «Ғали хан» деп қол қойылған. Есеп-мақала 1992 жылы «Ақиқат» журналында 8 нөмірінде қысқартылып қайта жарияланды (дайындаған С. Аққұлы). Он төрт тоғыз бола ма? — Мақала «Ғали хан»— деп қол қойылып, алдымен «Қазақта» 1914 жылы 91 санында, келесі жылы «Айқаптың» 2 нөмірінде жарияланды. Сусағанның түсіне су кіреді — Қыр баласы. — Қазақ, 1913 жыл, №40. | |
Просмотров: 857 | |
Всего комментариев: 0 | |